The HertsCam Network
  • Home
  • Who We Are
    • HertsCam as an organisation
    • Publications >
      • Vignettes: The Participant Experience
      • Doctoral studies focusing on HertsCam
    • Contact us
  • Programmes
    • What is ELDP? >
      • ELDP Blended Learning
      • ELDP Online
      • ELDP Pricing and Process
      • The ELDP Experience
    • The HertsCam MEd
  • International Teacher Leadership
  • Events
    • Previous events >
      • Virtual Network Event - 16th March 2022 >
        • Event Programme
      • Virtual Network Event - 9th February 2022 >
        • Event Programme
      • Virtual Network Event - 17th November 2021 >
        • Event Programme
      • Virtual International Network Event 9th October 2021 >
        • Event Programme
      • Virtual International Annual Conference 2021
      • Virtual Network Event 6th May 2021 >
        • EVENT PROGRAMME
      • Virtual Network Event 10th February 2021 >
        • EVENT PROGRAMME
      • Virtual Network Event 18th November 2020 >
        • EVENT PROGRAMME
      • International Virtual Network Event ​17th October 2020 >
        • EVENT PROGRAMME
      • VIRTUAL INTERNATIONAL ANNUAL CONFERENCE 2020
      • 2019 Annual Conference
      • The HertsCam 20 year Anniversary Symposium
      • Accounts of past events
  • BLOG
Teacher Leadership in Kazakhstan –
Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы бағдарламасы (TLK-ҚҰК)
TLK-ҚҰК бағдарламасын қолдау үшін арнайы жасалған осы сайтқа қош келдіңіз. Бұл сайт бағдарлама қатысушыларына - мектеп директорлары мен фасилитаторларға - негізгі құжаттарды қол жетімді ету мақсатында жасалды.
 
TLK-ҚҰК бағдарламасы «ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығы» идеясы мен тәжірибесін білім беру жүйесіне таратуға бағытталған үш жылдық бастама. Аталмыш бастама, Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен іске асуда.
 
Сайт қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады деп үміттенеміз. Сайтты одан әрі жетілдіріп отыру үшін, оның мазмұнын қалай түзете алатындығымызды бізге айтуды сұраймыз.
​

TLK-ҚҰК стратегиялық тобы
 
Топ мүшелері бағдарламаның көшбасшылығы мен басқаруына жауап береді. Оның құрамына үш адам кіреді:
 
Гүлбадан Закаева мен Айгүл Искакова «Бәріне арналған мектеп» қоғамдық білім беру қоры (ҚБҚ) және Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің өкілі - Др Гүлмира Қанай.
Серіктестер

Ұлыбританиядағы ХартсКем кәсіби қауымдастығы - бұл TLK-ҚҰК бағдарламасының барысында қолдау мен сараптама көрсететін негізгі серіктес.




Фасилитаторларға арналған ресурстар

TLK-ҚҰК бағдарламасының фасилитаторлары төмендегі батырманы басу арқылы ресурстарға қол жеткізе алады.
​
​

Фасилитаторлардың ресурстары
Мектеп директорларына арналған ресурстар

TLK-ҚҰК бағдарламасына қатысып жатқан мектеп директорлары өздеріне қатысты ресурстарға төмендегі батырманы басу арқылы қол жеткізе алады.
Директорлардың ресурстары
TLK-ҚҰК бағдарламасының Кіріспе конференциясы
 
2019 жылдың тамыз айының ортасында ХартсКем қауымдастығының алты адамнан тұратын тобы TLK-ҚҰК бағдарламасын таныстыру мақсатымен Қазақстанға келіп, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде 3 күндік таныстыру конференциясына қатысты. Сорос-Қазақстан қоры қаржыландырып жатқан бұл бағдарлама үш жылға созылып, Қазақстанның аймақтарында ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығын дамытуды көздейді. Кіріспе конференцияға төрт облыстың он алты мектебінің директорлары  және әр мектептен екі фасилитатор (директор орынбасары мен ұстаз-тренер) қатысты.
 
Іс-шара құттықтау сөзімен және Сорос-Қазақстан қорынан келген Сәуле Каликованың баяндамасымен басталды. Ол алғаш рет ХартсКем және “Ұстаз жетекшілігімен жүргізілетін дамыту жұмысы” (ҰЖЖДЖ) әдіснамасы туралы алғаш рет 2010 жылы, Алматыға зерттеу жобаның аясында Др Дэвид Фростпен танысқан кезде, естіген болатын. Сапар барысында басталған бұл сұхбат түрлі жерлерде, соның ішінде Баку мен Белградта жалғасын тапты. Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен ХартсКем кітаптарының біреуі орыс тіліне аударылды. Содан кейін, TLK-ҚҰК бағдарламасын бастау туралы ұсыныс жасалды, оған ХартсКем, «Бәріне арналған мектеп» ҚБҚ және Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі қатысуда. Сәуленің тұсаукесер сөзі оның лауазымға тәуелсіз көшбасшылық идеясына, оның инклюзивті болуына, құштарлығын айқын көрсетті. Содан кейін, Др Дэвид Фрост лауазымға тәуелсіз ұстаз көшбасшылығы түсінігі туралы баяндама жасады.
Тұсаукесерден кейін Дэвид ұлттық теледидардың журналистеріне сұхбат берді. Журналист Дэвидтен: “Елде ұстаз көшбасшылығы мен орын алып жатқан реформалардың арасында қайшылықтар болуы мүмкін ба?”, -  деп сұрақ қойды. Дэвид екеуінің арасында қайшылық жоқ деп мәлімдеді. Керісінше, ұстаздарға шын мәнінде не маңызды екендігі туралы ойлануға мүмкіндік берген жағдайда, олар реформаның аясында мектептегі жағдайға ой-жүгіртіп, әріптестерімен ынтымақтастықта, мектепті және білім беру жүйесін дамыту бағытында нақты әрекеттер жасай алады деді. Конференция туралы теледидардан эфирге шыққан материалды төмендегі сілтеме арқылы YouTube-тен көруге болады (7-ші минутынан бастап): https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=e0NrkZnCxMM
Конфееренцияның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін мектеп директорлары мен фасилитаторлар топтық семинарларға кетті. Фасилитаторлардың семинарын Шейла Болл және Эмма Андерсон-Пейн жүргізді, ал мектеп директорларының семинарына Вэл Хилл және Трейси Гайтери жетекшілік етті. Пол Барнет семинарларға қолдау көрсету мақсатында, екі топтың арасында жүрді.
 
Лауазымға тәуелсіз ұстаз көшбасшылығы бір қарағанда, орталықтандырылған басқаруға көбірек бейімделген елде жүзеге асырылмайтын перспектива болып көрінеді, бірақ Тараз және Көкшетау қалаларында өткен тәжірибелер оның рас емес екендігін дәлелдеді. Конференция барысында мектеп директорлары да, фасилитаторлары да ұстаз көшбасшылығының “ұйықтап жатқан алпауыт” екендігіне көздері жетті.
 
Үшінші күні қорытынды пленарлық отырыста қатысушылардың арасында қуаныш пен ынта сезілді. Қатысушы төрт аймақтың өкілдері ХартсКем командасына алғыс білдіріп, бастаманы сәтті жүзеге асыруға ынталы екендігін айтты. Мектептерге кәсіби қауымдастықтың мүшелері болғандығы жөнінде сертификаттар табысталды. Жалпы ол күні атмосфера мерекелік болды.

What Our Participants Say

"The potential wisdom and impetus for change are rooted in schools, rather than something which can be orchestrated or taught from the outside"
-- Jo Mylles, Headteacher


In compliance with GDPR we have updated our privacy policy. Please click on the link to view or download.
​

Contact Us

    Subscribe Today!​

Submit
  • Home
  • Who We Are
    • HertsCam as an organisation
    • Publications >
      • Vignettes: The Participant Experience
      • Doctoral studies focusing on HertsCam
    • Contact us
  • Programmes
    • What is ELDP? >
      • ELDP Blended Learning
      • ELDP Online
      • ELDP Pricing and Process
      • The ELDP Experience
    • The HertsCam MEd
  • International Teacher Leadership
  • Events
    • Previous events >
      • Virtual Network Event - 16th March 2022 >
        • Event Programme
      • Virtual Network Event - 9th February 2022 >
        • Event Programme
      • Virtual Network Event - 17th November 2021 >
        • Event Programme
      • Virtual International Network Event 9th October 2021 >
        • Event Programme
      • Virtual International Annual Conference 2021
      • Virtual Network Event 6th May 2021 >
        • EVENT PROGRAMME
      • Virtual Network Event 10th February 2021 >
        • EVENT PROGRAMME
      • Virtual Network Event 18th November 2020 >
        • EVENT PROGRAMME
      • International Virtual Network Event ​17th October 2020 >
        • EVENT PROGRAMME
      • VIRTUAL INTERNATIONAL ANNUAL CONFERENCE 2020
      • 2019 Annual Conference
      • The HertsCam 20 year Anniversary Symposium
      • Accounts of past events
  • BLOG